Хельга Шмидт: Трамптың командасы "Ортақ қадам" келісімін дұрыс түсінбеген
https://itolqyn.com/news/world-i23368
Еуропа Одағының сыртқы саясат жетекшісі Федерика Могеринидың орынбасары Хельга Шмидт: «Америкның қалаулы президенті Дональд Трамптың сыртқы саясат командасы Иранмен жасалған ядролық келісімшартты жаңсақ түсінген» деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаң 18, 2017 21:02 Asia/Almaty
  • Хельга Шмидт: Трамптың командасы

Еуропа Одағының сыртқы саясат жетекшісі Федерика Могеринидың орынбасары Хельга Шмидт: «Америкның қалаулы президенті Дональд Трамптың сыртқы саясат командасы Иранмен жасалған ядролық келісімшартты жаңсақ түсінген» деді.

«Reuters» ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Хельга Шмидт сейсенбі күні Трамптың Ақ үйге кіруімен "Ортақ қадам" келісімін қайтадан қарау қажет деген уәжіне көрсеткен реакцияда: «Иранмен жасалған ядролық келісімшарт қайтадан келіссөз жүргізуді қажет етпейді» деді.

Еуропа Одағының сыртқы саясат жетекшісінің  орынбасары Еуропа Одағының арағайындығымен Иран мен "алтылық" елдері, соның ішінде АҚШ, Ресей, Франция, Қытай, Ұлыбритания және Германия арасында қол жеткізілген "Ортақ қадам" келісімі туралы: «"Ортақ қадам" келісімі көп жақты келісімшарт болып табылады. Ол туралы екі жақты келіссөз жүргізуге болмайды. БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі де оны бекіткен» деді.

Еуропа Одағы Иранмен ядролық келісімшартты сақтау қажеттігі туралы Қытай және Ресеймен ойының ортақ екенін қуаттап отыр.

Трамптың Американың Мемлекеттік хатшысы лауазымына таңдаған адамы Рекс Тиллерсон осыдан бұрын Иранмен ядролық келісімшартты толығымен қайтадан қарауды қалайтынын мәлімдеген болатын.