Иран халықаралық қауымдастықтың Мьянма мұсылмандарына қарсы қылмыстарға көзжұмбайлық танытуын сынады
Иран Сыртқы істер министрі ислам елдерінің ұжымдық міндеті ретінде ислам әлемінің Мьянма мұсылмандарына қолдау көрсетуге бірігуін талап етті.
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф бейсенбі күні Малайзия астанасы Куала-Лумпурда Исламдық Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдер Сыртқы істер министрлерінің төтенше отырысында сөйлеген сөзінде Мьянма мұсылмандарына қарсы қылмыстарды айыптап: «Әлемдік ақпарат құралдарының рохинья мұсылмандарының ахуалына қатысты үнсіздігімен осы мұсылмандардың теңіз жағалауында суға батқан балаларының аянышты суреттері әлемдік ақпарат құралдарының басты жаңалығына айналмады» деді.
Мұхаммад Джавад Зариф рохинья мұсылмандарының азаматтық құқықтан кенде қалуы және оларға қарсы кемсітушілік, қатыгездік пен жиіркенішке сілтеме жасап: «Исламдық Ынтымақтастық Ұйымы өзінің барлық мүмкіндіктерін қолдану арқылы Мьянма үкіметіне рохинья мұсылмандарының құқығын құрметтеу үшін қысым жасауы керек» деді.
Иран Сыртқы істер министрі сондай-ақ рохинья мұсылмандарына гуманитарлық жедел және еш кедергісіз көмек жөнелтуді талап етті.
Зариф сөзінің соңында Исламдық Ынтымақтастық Ұйымы мен оның бас хатшысынан рохинья мұсылмандарын қолдауды және оларға көмек көрсетуді жалғастыруды сұрады.
Исламдық Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдердің Сыртқы істер министрлерінің отырысы Малайзияның өтінішімен Мьянма мұсылмандарының жағдайы мен Палестина тақырыбын қарастыру мақсатында өтуде.