Мәскеу мен Дамаск Сириядағы екі әскери базаны пайдалануға келісті
https://itolqyn.com/news/world-i23497-Мәскеу_мен_Дамаск_Сириядағы_екі_әскери_базаны_пайдалануға_келісті
Ресей мен Сирия арасында жасалған жаңа келісім негізінде Ресейдің 11 соғыс кемесі бір мезгілде Сирияның батысындағы "Тартус" портын айлақтай алады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаң 21, 2017 20:57 Asia/Almaty
  • Мәскеу мен Дамаск Сириядағы екі әскери базаны пайдалануға келісті

Ресей мен Сирия арасында жасалған жаңа келісім негізінде Ресейдің 11 соғыс кемесі бір мезгілде Сирияның батысындағы "Тартус" портын айлақтай алады.

Ресей мен Сирия арасында жасалған келісімнің мерзімі 49 жыл болып табылады. Екі тарап келіскен жағдайда оны тағы да 25 жылға ұзарта алады.

Келісімге сәйкес, Ресей теңіз күшінің Сирияның Тартус портындағы орталығын Мәскеу тегін пайдалана алады, бірақ Ресей өз кемелерінің кіруін Сирия үкіметіне хабарлауы керек.

Ресей жуырда Сирияның батысындағы Тартус әскери базасына "С 300" зымырандық құрылғысын орналастырды.