Ресей Сирия келіссөздеріндегі Иранның рөлін қуаттады
Ресей СІМ-нің орынбасары: «Қазақстанның елордасындағы сириялық келіссөздер Мәскеу, Теһран және Анкараның Сирия дағдарысын шешу үшін бірлесіп жасаған талпыныстарының жетістігі болып табылады» деді.
ИРНА-ның хабарлауынша, Ресей СІМ-нің орынбасары Сергей Рябков Иран, Ресей және Түркияның жоспарлауы және демеушілігімен қаңтар айының 23 күні Қазақстанның елордасы Астанада сириялық түрлі тараптар арасында өтетін Сирия бейбітшілік келіссөздері қарсаңында үш ел арасында Сирия дағдарысына қатысты қол жеткізілген ықпалдастықтардың нәтижелерін құнды деп бағалап: «Иран, Ресей және Түркия Астанадағы алдағы отырыста Сирия туралы қол жеткізілген келісімдерді күшейтіп, тұрақтандыра алады» деп қуаттады.
Рябков осы келіссөзді өткізудің маңыздылығын қуаттап: «Сирия келіссөзіне қатысатын елдер жұмыстың күн тәртібі мен талқыланатын мәселелерді қарастырып жатыр» деді.
СІМ-нің орынбасары Михаил Богданов та осыдан бұрын Теһран мен Мәскеудің Сирия ахуалы жөніндегі ықпалдастығының әсері туралы: «Сирияда лаңкестікке қарсы жақсы жетістіктерге қол жеткізілді. Лаңкестік құбылысымен шынайы күрес жалғасатын болады» деп қуаттады.