Еуроодақ Закзакиды жылдам босатуды сұрады
(last modified Wed, 25 Jan 2017 11:28:51 GMT )
Қаң 25, 2017 17:28 Asia/Almaty
  • Еуроодақ Закзакиды жылдам босатуды сұрады

Еуроодақ Нигерияның исламдық қозғалысының басшысын жылдам босатуды сұрады.

Нигерияның "The Nation" ақпарат базасының мәліметі бойынша, Нигерия астанасы Абуджадағы Еуроодақтың өкілдігі сейсенбі күні шейх Ибрахим Закзакидың әлі қамауда отырғанына алаңдаушылық білдіріп, Нигерия үкіметінен федералды соттың шешімі бойынша Нигерияның исламдық қозғалысының басшысын жылдам босатуды сұрады.

Нигерияның федералды соты осыдан бұрын Заказкиды қауіпсіздік күштерінің қамауынан босату туралы үкім шығарған болатын. Бірақ бұл елдің үкіметі халықаралық заңдарды бұзып, сот шешімін орындамай отыр.

Нигерия Президенті Мұхаммад Бухари жексенбі күні: «Халықтың мүддесі үшін шейх Закзакиды босату туралы шешімді іске асырмаған жөн»,- деді.

Халықаралық Амнистия ұйымы  дүйсенбі күні шейх Закзаки мен әйелін жылдам босатуды талап етті. Бүгінде Нигерия мұсылмандарының бұл елдің армиясы мен қауіпсіздік күштеріне қарсы бейбіт шерулері артуда.

 

 

Тегтер