Джонсон Ұлыбританияның Асадқа қатысты саясатының өзгергенін мойындады
Ұлыбритания Сыртқы істер министрі бұл елдің Лордтар палатасының халықаралық қарым-қатынас комитетінде Ұлыбританияның Асадқа қатысты саясатының өзгергенін мойындады.
Британияның «Гардиан» газетінің мәліметінше, Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Борис Джонсон бейсенбі күніе: «Лондон Сирияда бейбітшілік орнатылған жағдайда бұл елдің Президенті Башар Асадқа сайлауға қатысуға рұқсат беру керектігін қабылдады. Британия бұрын Асадтың билік басынан кетуін қуаттаған болатын, бірақ ешбір кезеңде бұл мәселені іске асыра алған жоқ. Бұл мәселені талап ету қиындықтармен бетпе-бет келуге себеп болды. Енді АҚШ-ның жаңа Президенті Дональд Трамптың Сирия дағдарысын тоқтату үшін Ресеймен жасалған әр келісімнің Асадтың негізгі одақтасы Иранмен дәйектелгені жөн екенін қабылдауы маңызды. АҚШ-та жаңа Президенттің билік басына келуіне байланысты барлық тараптар Сирияға қатысты ұсатанымдарын қайтадан қарастыруы керек»,- деді.
Стратегиялық маңызды Алеппо қаласында үкімет қарсыластары мен лаңкестік топтардың сәтсіздігі, Трамптың Ресеймен арадағы қарым-қатынасты қайтадан бастау шешімі, Түркияның Ресейге деген саясатының өзгеруі Сириядағы теңгерімді өзгертті.