Трамп мұсылман елдерден келген босқындарды тексеруге бұйрық берді
АҚШ-тың жаңа президенті Дональд Трамп жұма күні кешке мұсылман елдерден келген босқындар мен мигранттардың АҚШ-қа кіруі үшін ауқымды түрде шектеулер қою туралы бұйрыққа қол қойды.
"Әл-Әлам" ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Трамп осы бұйрыққа қол қоюдағы мақсатына лаңкестердің АҚШ-қа кіруінің алдын алу деген сылтау айтып: "АҚШ-қа тек осы елді қолдайтын адамдарға ғана кіруге рұқсат етіледі" деді.
Дональд Трамптың бұйрығына сәйкес, осыдан былай Иран, Ирак, Судан, Сомали, Ливия, Сирия мен Йемен мұсылман елдерінің азаматтары АҚШ жеріне кіру үшін виза алса да, бұл елдің кедендік бекеттерінде оларға кіруге рұқсат берілмейтін болады.
Бұл бұйрық сонымен қатар АҚШ-тың босқындарды қабылдау бағдарламасын 120 күнге шегеріп, босқындарды қабылдау мөлшерін 50 пайызға азайтады.
Трамп сондай-ақ АҚШ-тың қарулы күштерін нығайту бұйрығына да қол қойған. Оның айтуынша, Пентагонға бұрынғы бағдарламаларға қарағанда көбірек кеме, ұшақ және басқа да әскери құрал-жабдықтар сатып алуға рұқсат беріледі.
АҚШ-тың жаңа президентінің жанжал тудырған жаңа бұйрықтары, соның ішінде, мұсылмандардың елге кіруіне тыйым салу бұйрығы осы ел мен әлемнің жер-жерінде ауқымды наразылықтар тудырды.