Қазақстан мен Қытайдың ортақ шекарасы жабылды
https://itolqyn.com/news/world-i23757-Қазақстан_мен_Қытайдың_ортақ_шекарасы_жабылды
Қазақстанның шекара қызметі осы елдің Қытаймен ортақ шекарасында орналасқан тексеру пункттерінің бір аптаға жабылғанын хабарлады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаң 28, 2017 21:25 Asia/Almaty
  • Қазақстан мен Қытайдың ортақ шекарасы жабылды

Қазақстанның шекара қызметі осы елдің Қытаймен ортақ шекарасында орналасқан тексеру пункттерінің бір аптаға жабылғанын хабарлады.

Қазақстан мен Қытай арасындағы шекара Бейжіңнің өтінішімен осы елде дәстүрлі жаңа жыл мейрамы қарсаңында дайындық шаралары мен қауіпсіздік орнату үшін жабылды. Қазақстандағы Қытай консулдығы да осы мерзім ішінде, яғни 27-ші қаңтардан 2-ші ақпанға дейін жабылады. Қытайда дәстүрлі жаңа жыл мейрамы биыл 28-ші қаңтарда басталып, 15 күнге ұласады.