Ресей Сирияға қатысты Иран және Түркиямен көбірек ынтымақтастық жасауды қуаттады
Ресей СІМ Сирия дағдарысын шешу үшін Иран ислам республикасы және Түркиямен көбірек және ұзақ мерзімді ынтымақтастық жасауға мүдделік танытты.
ИРНА-ның хабарлауынша, Ресей СІМ-нің ақпарат хатшысы Мария Захарова сенбі күні Сирия мәселесін шешуде Иран және Түркиямен ынтымақтастықты аса сындарлы деп бағалап:
«Сирия дағдарысын шешу үдерісі ұзақ. Сондықтан Түркия және Иранмен ұзақ мерзімді ынтымақтастықты әрі барлық елдердің ықпалдастығын талап етеді» деді.
Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров та Мәскеудің Сирия дағдарысын саяси жолмен шешуге көмектесу үшін Теһран және Анкарамен ынтымақтастықтарды арттыратынын мәлімдеді.
Иран, Ресей және Түркияның Сирия мәселесін шешу үшін соңғы екі айдағы ынтымақтастықтарының жалғасында Қазақстанның елордасы Астана отырысы өткен аптада Сирияда бейбітшілікке қол жеткізу және Женева отырысынан бұрын сириялық топтардың келіссөздерін жандандыру мақсатында үш елдің үйлесімділігімен өтті. Женева отырысы келесі айдың аяқ шенінде өтеді.