Зариф пен Лавров Сирияға қатысты Астана отырысын оң бағалады
https://itolqyn.com/news/world-i23795-Зариф_пен_Лавров_Сирияға_қатысты_Астана_отырысын_оң_бағалады
Иран мен Ресей Сыртқы істер министрлері телефон арқылы сұхбаттасып, Қазақстанның елордасы Астанада Теһран, Мәскеу мен Анкараның бастамасымен өткен Сирия бейбітшілігі отырысының нәтижесін жоғары бағалады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаң 29, 2017 18:06 Asia/Almaty
  • Зариф пен Лавров Сирияға қатысты Астана отырысын оң бағалады

Иран мен Ресей Сыртқы істер министрлері телефон арқылы сұхбаттасып, Қазақстанның елордасы Астанада Теһран, Мәскеу мен Анкараның бастамасымен өткен Сирия бейбітшілігі отырысының нәтижесін жоғары бағалады.

Ресей СІМ баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша, Иран Сыртқы істер министрі  Мұхаммад Джавад Зариф пен Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров сенбі күні телефон арқылы сұхбатта: «Астана отырысы Сирия үкіметі мен қарсылас қарулы топтар өкілдері арасында осы елде атысты тоқтату бітімін нығайтып, бейбітшілік пен тыныштық орнату үшін тікелей диалог жүргізу үшін әсерлі алаң болды»,-деп қуаттады.

Лавров пен Зарифтің телефон арқылы сұхбатында Теһран мен Мәскеудің қол жеткізген тәжірибесі мен Астана келіссөздерінің сәтті нәтижесін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2254 қарары аясында Сирия дағдарысын саяси жолмен шешуге бағытталған шараларды жылдамдату мақсатында пайдалануға дайын екенін қуаттады.

Екі елдің Сыртқы істер министрлері, сондай-ақ,  сұхбатта Сирия дағдарысын шешуге көмектесу үшін көбірек әріптестік жасауды жалғастыруға келісті.