Трамптың нәсілшіл сипатты жарлықтарына әлемдік деңгейде реакция көрсетілді
(last modified Sun, 29 Jan 2017 17:17:22 GMT )
Қаң 29, 2017 23:17 Asia/Almaty
  • Трамптың нәсілшіл сипатты жарлықтарына әлемдік деңгейде реакция көрсетілді

АҚШ президентінің мигранттар мен мұсылмандардың осы елге келуіне тыйым салу негізіндегі нәсілшіл сипатты шешімі әлемдік деңгейдегі наразылықтарға себеп болуда.

Көптеген тұлғалар, халықаралық ұйымдар мен органдар және қарапайым халық АҚШ президенті Дональд Трамптың кейбір мигранттар мен мұсылмандардың Америкаға кіруіне шектеу қою негізіндегі шешімін адамгершілікке жатпайтын нәсілшіл шара деп сипаттады.

Сондай-ақ мыңдаған адам сенбі күні кешке Чикагоның "О’Хара" әуежайының халықаралық терминалына жиналып, Дональд Трамптың саясатына наразылық танытты.  "Chicago Tribune" жергілікті газеті де: «Трамптың жарлығы жария болған кезден Американың түрлі қалаларында ондаған адам, сондай- ақ "О’Хара" әуежайында 18 кісі құрықталды. Олардың кейбірі "Green Card" алған мұсылмандар еді» деп жазды.

"The Los Angeles Times" газеті де: «Шамамен 10-15 миграциялық адвокат басым көпшілігін ирандықтар құраған құрықталған жолаушыларға көмек көрсету үшін Лос-Анджелес әуежайындағы Том Бредли атындағы халықаралық жолаушылар терминалына келді» деп жазды.