Қытай мен Ресей АҚШ пен Оңтүстік Кореяның бірлескен әскери жаттығуына реакция білдірді
https://itolqyn.com/news/world-i2383-Қытай_мен_Ресей_АҚШ_пен_Оңтүстік_Кореяның_бірлескен_әскери_жаттығуына_реакция_білдірді
Егер кешеге дейін Солтүстік Корея өзінің шекаралық суларына жақын жерде өтіп жақтан АҚШ пен Оңтүстік Кореяның бірлескен әскери жаттығуына алаңдаушылық білдірсе, енді Ресей мен Қытай да осы жаттығуға қатысты өздерінің алаңдаушылықтарын білдірді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Нау 08, 2016 18:21 Asia/Almaty
  • Қытай мен Ресей АҚШ пен Оңтүстік Кореяның бірлескен әскери жаттығуына реакция білдірді

Егер кешеге дейін Солтүстік Корея өзінің шекаралық суларына жақын жерде өтіп жақтан АҚШ пен Оңтүстік Кореяның бірлескен әскери жаттығуына алаңдаушылық білдірсе, енді Ресей мен Қытай да осы жаттығуға қатысты өздерінің алаңдаушылықтарын білдірді.

Оңтүстік Кореяның әртүрлі әлеуметтік топтары да осы алаңдаушылық білдірген елдердің қатарына қосылды. Press TV телеарнасының хабарлауы бойынша, Оңтүстік Кореяның жүздеген адамы Сеул-Вашингтон бірлескен әскери жаттығуына қарсылық білдіріп шеруге шықты.

Кореялық шерушілер Корея түбегінде бейбітшілік орнату үшін Сеул-Вашингтон басқыншылық стратегиясын тоқтату қажеттігін талап етті.

Оңтүстік Кореяның азаматтық қозғалысының бір белсендісі осыған қатысты: «Шын мәнінде Солтүстік Кореяны ядролық және зымырандық жұмыстармен айналысуға АҚШ-тың санкциялары мен қысымдары мәжбүрледі»,-деді.

Оңтүстік Корея халқының көбі АҚШ аймақта текетіресті арттырып, тынышсыздық орнату арқылы Оңтүстік Кореяға өзінің дамыған қару-жарақтарын сатуды көздейді деп санайды. Бұл жөнінде АҚШ-тың зымыранға қарсы Todd атты қорғаныс кешенін Оңтүстік Кореяға сатып, осы елде орналастыруын айтуға болады.

Сарапшылар ғана емес, Оңтүстік Корея халқының көбінің айтуынша, Todd зымырандық қалқаны тек АҚШ-тың мүдделерін қорғау үшін Корея түбегінде орналастырылған.

Ресей мен Қытайдың реакциясын Оңтүстік Корея халқының бірлескен әскери жаттығу өткізуге алаңдаушылығы деп аталған нәрседен бір саты жоғарырақ қадам деп қарауға болады. Өйткені Қытай мен Ресей АҚШ-тың 2001 жылдың 11 қыркүйегінен кейін өзінің Орта Азиядағы әскери құзырын терроризммен күресу сылтауымен түсіндіретінін біледі. АҚШ осы құзыр үшін Ханабад, Манас және Куляб әскери базаларына 250 млн доллар қаржы жұмсады.

Ал бұл жағдайда Орта Азия «қырғи қабақ» соғысына дейін де, кейін де Кеңес одағы (қазіргі Ресей) мен Қытайдың ықпал ететін аймағы саналған. АҚШ әскерилерінің 1901 жылдан 2005 жылға дейінгі аралықта әлемнің 65 елінде әскер орналастыру тарихын назарға ала отырып, Қытай мен Ресейдің стратегиялық одақ аясында АҚШ-тың Азияға әскери басқыншылығына бастама болатын әрекеттеріне қатысты реакция білдіруі – табиғи нәрсе.

Бейжің мен Мәскеу өздерінің айналасындағы аймақтарда, яғни Орта Азия, Азияның солтүстігі мен шығысындағы аймақтарда стратегиялық мүдделерге ие. Ал бұл жағдайда Жапония Қытайдың Оңтүстік және Шығыс Қытай теңіздеріндегі әскери амалдарының бірқатарын Бейжіңнің осы екі теңіздегі басқыншылық әрекеті деп атап, Қытайды ауыздықтау үшін АҚШ-ты байсалдырақ әрекет етуге ынталандырады.

АҚШ пен Жапония Қытайды басқыншы деп атағаннан кейін екі елдің әскери-қорғаныс саласында әріптестіктерін бұрынғыдан көбірек кеңейтуді қалайтындықтарын білдірді.

Жапония мен АҚШ-тың көзқарасы бойынша, екі теңіздегі жағдай Қытайдың үздіксіз әрекеттері салдарынан алаңдатарлық жағдайда, сондықтан Жапония мен АҚШ-тың әріптестігін нығайту қажет.

Саяси сарапшылардың сенімінше, Ресей мен Қытай АҚШ пен Оңтүстік Кореяның бірлескен әскери жаттығуына реакция білдіру арқылы тұспалды түрде Солтүстік Кореяның АҚШ-қа қатысты көзқарасын дұрыс деп санайтынын білдірді, сондықтан Солтүстік Кореяның саяси жүйесін қолдауы тиіс.

Ресей Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде: «Солтүстік Кореяға саяси және әскери қысымдар жасау – қателік»,-деа қуатталды.

Қытай да Бейжіңнің Корея түбегі мен Азияда түйткіл тудыратын шараны қабылдамайтынын мәлімдеді.