Сирияға Қазақстанның жіберген гуманитарлық көмектері жетті
Ресейдің әуе- ғарыш бөлімшесінің Сирияда орналасқан логистикалық бөлімінің ақпарат хатшысы Сергей Гречко тілшілерге берген сұхбатында Қазақстан республикасының гуманитарлық көмектерінің Ресейдің кемелерімен Сирияның Тартус теңіз айлағына жеткізілгенін хабарлады.
Ресейдің әуе-ғарыш бөлімшесінің Сирияда орналасқан логистикалық бөлімінің ақпарат хатшысы Сергей Гречко тілшілерге берген сұхбатта Қазақстан республикасының гуманитарлық көмектерінің Ресейдің кемелерімен Сирияның Тартус теңіз айлағына жеткізілгенін, осы көмектердің Сирияның түрлі аймақтары мен облыстарына жеткізіліп, әскери қақтығыстардан зардап шеккендерге үлестірілетінін айтты. Сондай-ақ Тартус порты басшыларының бірі де тілшілерге осы гуманитарлық көмектердің Алеппо, Латакия және Тартус облыстарында таратылатынын мәлімдеді.