Зариф Сингапурда тұратын ирандықтармен кездесті
https://itolqyn.com/news/world-i2392-Зариф_Сингапурда_тұратын_ирандықтармен_кездесті
Өткен түні Сингапурға келген Иран Сыртқы істер министрі өзінің алғашқы бағдарламасында Сингапурда тұратын ирандықтармен, соның ішінде ирандық студенттермен кездесіп, әңгімелесті.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Нау 08, 2016 21:55 Asia/Almaty
  • Зариф Сингапурда тұратын ирандықтармен кездесті

Өткен түні Сингапурға келген Иран Сыртқы істер министрі өзінің алғашқы бағдарламасында Сингапурда тұратын ирандықтармен, соның ішінде ирандық студенттермен кездесіп, әңгімелесті.

Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф осы отырыста Иранның ішкі және аймақтық жағдайын баяндаумен қоса, «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасынан кейінгі кезеңді Иранның оңтүстік- шығыс Азия елдерімен байланыстары деңгейін кеңейту мен жоғарылатуда маңызды деп бағалады.

Иранның дипломатиялық аппаратының төрағасы осы кездесуде ирандықтардың шыдамдылығы мен қарсыласуына сілтеме жасап: «Ирандықтардың барлық қиындықтар алдындағы сабырлығы мен қарсыласуы баршаға мәлім. Егер осы сабыр болмағанда Иран ешқашан әлемдік қоғамдастықпен өткен келіссөзден еңсесін биік ұстап шықпаған болар ед.

Иран әлемдік бір түйткілді соғыс пен қантөгіссіз, келіссөздер арқылы шеше алды. Бұл іс Иран халқының мейірімі мен еңбегіне қарыздар» деді.

Зариф сондай-ақ Сингапурда тұратын ирандықтарды ирандық және исламдық асыл мәдениетті таныстыру мен таратуда маңызды рөлге ие Иранның елшілері деп атады.

Сондай- ақ Иран ислам республикасы мен Сингапур Сыртқы істер министрлері экономикалық түрлі салаларда екі елдің байланысын кеңейту негіздері, сондай- ақ екі жақ мүдделік танытатын аймақтық мәселелер туралы сөйлесіп, ой бөлісті.