АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының төрағасы Трамптың шешімінің орындалғанына өкініш білдірді
https://itolqyn.com/news/world-i23927-АҚШ_Конгресі_Өкілдер_палатасының_төрағасы_Трамптың_шешімінің_орындалғанына_өкініш_білдірді
АҚШ-тың Өкілдер палатасының төрағасы осы ел Президенті жарлығының орындалғанына ұялатынын айтты.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Ақп 02, 2017 13:52 Asia/Almaty
  • АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының төрағасы Трамптың шешімінің орындалғанына өкініш білдірді

АҚШ-тың Өкілдер палатасының төрағасы осы ел Президенті жарлығының орындалғанына ұялатынын айтты.

Associated Press ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының төрағасы Пол Райан: «АҚШ Президенті Дональд Трамптың 7 мұсылман елдің азаматтарының АҚШ-қа сапары жөніндегі жарлығы тудырған белгісіз де бұлыңғыр жағдай өкініш тудырады. Трамптың миграцияға қатысты шешімі республикашылдардың принциптері мен саясаттарына сәйкес болды»,-деді.

АҚШ-тың қауіпсіздік саласының басшылары Дональд Трамптың 7 мұсылман елдің азаматтарының АҚШ-қа кіруіне тыйым салу туралы жарлығын орындау тәсілдерінде ағаттықтардың барын мойындады. Олардың бірі бұл тыйымның жақын арада күшін жоймауы мүмкін екенін айтты.