ЮНИСЕФ Украинаның шығысындағы балалардың жағдайына алаңдауда
https://itolqyn.com/news/world-i23951-ЮНИСЕФ_Украинаның_шығысындағы_балалардың_жағдайына_алаңдауда
БҰҰ-ның Балалар қоры ЮНИСЕФ Украинадағы халықтың жағдайына, әсіресе осы елдің шығысында орналасқан тынышсыз аймақтардағы балалардың жағдайына алаңдаушылық білдірді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Ақп 02, 2017 22:15 Asia/Almaty
  • ЮНИСЕФ Украинаның шығысындағы балалардың жағдайына алаңдауда

БҰҰ-ның Балалар қоры ЮНИСЕФ Украинадағы халықтың жағдайына, әсіресе осы елдің шығысында орналасқан тынышсыз аймақтардағы балалардың жағдайына алаңдаушылық білдірді.

«Синьхуа» ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, ЮНИСЕФ сәрсенбі күні Украинаның шығысындағы Авдеевка қаласында өткен екі күнде болған қақтығыстар салдарынан 17 мыңнан астам украиндықтың, соның ішінде  2500 баланың қақаған қыста жылу мен жарықсыз қалғанын ескертті.

БҰҰ-ның ақпарат хатшысы Стефан Дуджарик 6 мектеп пен 4 балабақшаның да қатігездіктер салдарынан жұмысын тоқтатқанын хабарлады.

БҰҰ-ның қызметкері халықты құтқару үшін істен шыққан су және электр желілерін дереу жөндеу үшін қауіпсіз қолжетімділіктің қамтамасыз етілуін талап етті.

БҰҰ сейсенбі күні  шұғыл жиналыс өткізіп, қарсыласушы тараптардан тез арада Украинаның шығысындағы қақтығыстарды тоқтатуды талап етті.