Нью-Йоркте мыңдаған адам Трамптың миграциялық заңдарына қарсы шеру өткізді
(last modified Thu, 02 Feb 2017 16:22:54 GMT )
Ақп 02, 2017 22:22 Asia/Almaty
  • Нью-Йоркте мыңдаған адам Трамптың миграциялық заңдарына қарсы шеру өткізді

Мыңдаған адам АҚШ президентінің миграциялық заңдарына наразылық білдіріп, Нью-Йорктің Манхэттен аймағында шеруге шықты.

Шерушілер сәрсенбі күні Американың Кеден және миграция басқармасының алдына жиналып, осы елдің жаңа үкіметіне қарсы "Бұл жерде мигранттарды қарсы алады", "Трамп кетуі керек!" және "Тыйым салуға да, қорған салуға болмайды!" деп ұрандатты.

АҚШ президенті Дональд Трамптың жеті мұсылман елдің азаматтарына қарсы жарлық шығаруынан кейін Американың қалалары мен әлемнің түрлі елдерінде жаппай шерулер өтті. Түрлі елдердің көптеген мәртебелі қайраткерлері мен халықаралық органдар Американың осы шешімін қатаң сынады.

Калифорния штатының Лос-Анджелес қаласының федералды судьясы Андре Бирутте де Трамптың миграциялық жарлығын тоқтатуға үкім шығарып, АҚШ үкіметі заңды рұқсат қағазына ие мигранттарға осы елге кіруге рұқсат етуі керек деп мәлімдеді.