Иранның Әзірбайжан республикасындағы елшілігі ақпараттық кеңістік тудыруға реакция білдірді
Иранның Әзірбайжан республикасындағы елшілігі осы елде Иранға қарсы жасалған жаңа ақпараттық кеңістікке реакция білдіріп, өз мәлімдесінде: «Бұл елдегі жамандық тілеушілер мен Ираннан үркітушілер екі елдің жақсы қарым қатынасын бұзуға бар күштерін салып жатыр», деді.
Әзірбайжан республикасының кейбір ақпарат құралдары ирандық дипломаттың осы елде бір партияның мүшелерімен кездескені туралы хабар таратқаннан кейін Иран елшілігі өз мәлімдемесінде: «Әзірбайжан республикасында Иран елшілігі дипломатының бір партия мүшелерімен кездесуі ашық түрде қалыпты дипломатиялық кездесу түрінде өтті. Бұл шара ешқандай дәлелсіз кейбір ақпарат құралдарының сюжетіне айналды.
Аталмыш кездесуге дейін де, кейін де Бакудегі басқа елшіліктердің өкілдерінің осы адамдармен көптеген кездесулері ақпараттық құралдар тарапынан бірде‑бір реакция көрсетусіз өтті.
Ирандық дипломаттың Әзірбайжан республикасындағы бір партия мүшелерімен кездесуінде екі елдің достық қарым‑қатынасының мүдделеріне қайшы келетін тәсіл қолданылмады. Елшілік жөнсіз айыптауларды, жалған да алдамшы уәждерді заңды түрде тексеру құқығына ие»,‑деп баса айтты.
Иранның Бакудегі елшілігі, сондай‑ақ, осы мәлімдемеде Әзірбайжан республикасының барлық ақпарат құралдарын жағымды рөл атқаруға және екі ұлттың мүдделері аясында екі елдің қарым‑қатынасын тереңдету мен дамытуға үлкен үлес қосуға шақырды.