Америкалықтардың Трампқа қарсы наразылықтары жалғасуда
(last modified Sun, 05 Feb 2017 08:43:29 GMT )
Ақп 05, 2017 14:43 Asia/Almaty
  • Америкалықтардың Трампқа қарсы наразылықтары жалғасуда

АҚШ халқы өздерінің үкіметке қарсы наразылықтарын жалғастырып, әртүрлі қалаларда осы елдің Президенті Дональд Трамптың саясаттарына қарсы тағы шеру өткізді.

«Спутник» ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша,  америкалық шерушілер сенбі күні түстен кейін Денвер, Филадельфия, Нью-Йорк, Вашингтон мен Майами қалаларының көшелеріне шығып, Трамп тарапынан мұсылмандардың АҚШ-қа кіруіне шектеу қойылғанын айыптады.

Наразылар, сондай-ақ,  ұрандар тастап, үкіметтен мигранттарға қолдау көрсетуді талап етті.

Осындай жағдайда Францияның астанасы Париж бен Германияның астанасы Берлинде мыңдаған адам АҚШ Президентінің миграциялық саясатына қарсы шеру өткізді. Париждегі наразылар қолдарына «Кіруге тыйым болмау керек!» деген жазуы бар плакаттар алып шықты. Германиядағы наразылар  Дональд Трамптың миграциялық саясатын фашистік сипатта деп атады.

Ұлыбританияның астанасы Лондон халқы да Дональд Трампқа қарсы наразылық шеруін өткізді.