Трамп «Ортақ қадам» келісімін тағы да ең нашар келісім деп атады
https://itolqyn.com/news/world-i24055
АҚШ-тың жанжалды президенті Дональд Трамп ИИР-на қарсы дұшпандық саясаттарының жалғасында «Ортақ қадам» бағдарламасын осы күнге дейін көрген ең нашар келісім деп атады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 06, 2017 14:12 Asia/Almaty
  • Трамп «Ортақ қадам» келісімін тағы да ең нашар келісім деп атады

АҚШ-тың жанжалды президенті Дональд Трамп ИИР-на қарсы дұшпандық саясаттарының жалғасында «Ортақ қадам» бағдарламасын осы күнге дейін көрген ең нашар келісім деп атады.

ИРНА ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Трамп жексенбі күні кешке Fox News Channel телеарнасына берген сұхбатында «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қол қоюды АҚШ үшін масқаралық деп атап: «Бұл келісімге байланысты ешқашан келіссөз жүргізілмеуі тиіс болған»,- деді.

АҚШ-тың жанжалды президенті өзінің ескірген уәждерін қайталап, Иранды лаңкестікке қолдау жасайды деп айыптап: «Ирандықтар Америкаға мүлдем көңіл аудармайды»,- деді.

Дональд Трамп мұның алдында да Fox News Channel телеарнасына берген сұхбатында да Иранмен ядролық келісімнің жасалғанынан наразы екендігін айтып, оны осы күнге дейін жасалған ең нашар келісім деп атаған болатын.

АҚШ-тың жоғары лауазымды басшылары мен президенті өткен күндері ИИР-на қарсы қоқан-лоққы тілімен дұшпандық мәлімдемелерін бірнеше рет айтты. Бұл әрекет ИИР басшыларының қарсы реакциясына себеп болды.