Ұлыбритания Сауд Арабиясына қару саудасын жалғастыруда
https://itolqyn.com/news/world-i24275
Ұлыбритания Сыртқы істер министрінің үкіметтен Сауд Арабиясына қару-жарақ сатуды жалғастыруын сұрағаны мәлім болды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 13, 2017 14:24 Asia/Almaty
  • Ұлыбритания Сауд Арабиясына қару саудасын жалғастыруда

Ұлыбритания Сыртқы істер министрінің үкіметтен Сауд Арабиясына қару-жарақ сатуды жалғастыруын сұрағаны мәлім болды.

Press TV телеарнасының хабарлауы бойынша, кемінде 140 адам қаза болған бір ай бұрын Йемендегі рәсімге жасаған  Сауд Арабиясының әуе шабуылынан кейін Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Борис Джонсон Сауд Арабиясы режиміне қару-жарақ сатуды жалғастыру үшін Халықаралық сауда министрі Лиам Фоксқа қысым жасаған.

The Guardian газетінің жексенбі күнгі хабарламасына сәйкес, Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Лиам Фокстан Сауд Арабиясына қару сату келісіміне қол қоюды кейінге қалдыру туралы шешімді  қайта қарастыруды сұраған.

Ұлыбританияның саудиялық режимге қару сатуы үнемі адам құқықтарын қорғау топтары мен ұйымдардың қатты сыны мен айыптауына себеп болып отыр.