Иран Штайнмайерды Германия президенті болып сайлануымен құттықтады
Ақп 13, 2017 15:03 Asia/Almaty
Иранның Сыртқы істер министрі жексенбі күні кешке Франк-Вальтер Штайнмайерды Германия президенті болып сайлануымен құттықтаған хат жолдады.
Мохаммад Джавад Зариф өз жолдауында Германияның жаңа президентіне табыс тілеп, Иран мен Германия қарым-қатынастарының Штайнмайердің президенттік кезеңінде бұрынғыдан көбірек нығая түсетіндігіне үміт білдірді. Германия Федералды Жиналысының депутаттары жексенбі күні елдің бұрынғы Сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайерды Германияның жаңа президеті етіп сайлады. Штайнмайер Йоахим Гауктің орнына келді.
Тегтер