Ресей АҚШ-тың әскериленуіне қарсы қауіпсіздік шараларын қарастыруда
Ресей АҚШ-тың зымырандық жүйелерінен өтетін жаңа зымырандар жобалайды.
Ресей Премьер-министрінің қорғаныс істері жөніндегі орынбасары Дмитрий Рогозин АҚШ-тың зымырандық жүйелерін өз мемлекеті үшін қатерлі деп атап, АҚШ-тың зымырандық жүйелерінен өту үшін Ресейдің жаңа құрлықаралық баллистикалық зымырандарды жобалайтынын хабарлады. Ресей Президенті Владимир Путин жуырда: «Мәскеу АҚШ-тың зымырандық жобаларына қарсы өзінің ядролық күш-қуатын нығайтатын жаңа шаралар қолданады»,- деп мәлімдеді. Ресей үкіметі жаңа зымырандық жобалары туралы АҚШ Еуропаға қарсы зымырандық қауіп-қатерді сылтауратып, өзінің зымырандық жүйелерін Еуропаның шығысындағы Польша мен Румынияға орналастырып жатқан жағдайда баяндауда. АҚШ-тың Еуропаның шығысында зымырандық жүйені орнатуының жалғасуымен орайлас НАТО-ға мүше елдердің әскерилері Ресейдің шекараларына жақын Еуропаның шығысы мен Балтика аймағында орналасқан болатын. НАТО-ның әскери техникасы мен әскерилерінің мұндай санының Ресей шекараларында орналасуы қырғи-қабақ соғыстан кейін бұрын-соңды кездеспеген жайт.
Ресей үкіметтерінің көзқарасы бойынша, АҚШ пен НАТО Батыс Ресей федерациясын қоршауға алып, бұл елді құртуды немесе кемінде әлсіретуді көздеп отыр. АҚШ-ның Вице-президенті Майк Пенс Мюнхендегі Қауіпсіздік конференцияда елінің өз міндеттемелеріне табанды екенін жариялады. Ресей СІМ Сергей Лавров: «НАТО-ның Еуропаның шығысына қарай кеңеюі соғысқа тіреуі мүмкін. Ресей Сыртқы істер министрі сондай-ақ бұл конференцияда АҚШ басқарған Батыстың әлемдік жүйесін дағдарысқа тіреп, оны өзгертуді сұрады.
Ресейдің пікірінше АҚШ АҚШ өзінің зымырандық жүйелерін Еуропада орналастырып, Ресейдің әскери жағдайына соққы бермек. Сол себепті Ресейдің өз қауіпсіздігін қорғау үшін АҚШ-тың ықтималды қоқан-лоққыларына қарсы әскери шара қолданудан басқа жолы қалмады. Сондай-ақ Ресей НАТО-ның Еуропаның шығысында әскери техникасы мен әскерилерін орналастыруына қарсы өзінің әскерилері мен дамыған әскери техникасын, әсіресе Искандер зымырандарын өзінің батыс шекарасы Калининградта орналастырды.
Дональд Трамптың АҚШ пен Ресей қарым-қатынастарын бірқалыпқа келтіру талпыныстары туралы уәждеріне қарамастан, екі ел бір-біріне сенімсіздік білдіріп, тіпті бір-бірімен әскери тұрғыдан бетпе-бет келу туралы ойлануда. Геополитикалық саладағы бәсеке ядролық күшке ие екі алпауыттың мүдделеріне ие болу үшін бір-бірімен текетіресуіне себеп болуы мүмкін. Қазіргі жағдай АҚШ пен Ресейдің, әсіресе Еуропа аймағында қару-жарақ сайысына түскенін көрсетеді. Мұндай жағдай Еуропаның қауіпсіздігіне қатер төндіреді.