Украина Ресейдің вето құқығының күшін жоюды сұрады
Украина осы елдің шығысындағы қақтығыстарға қатысты БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінде Ресейдің вето құқығының күшін жоюды сұрады.
Украина Сыртқы істер министрі Павел Климкин БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында: «Украина ахуалы туралы шешім қабылдау үшін осы ұйымның Қауіпсіздік Кеңесінде Ресейдің вето дауысының күші жойылуы керек. БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінде вето дауысын асыра пайдаланудың алдын алу үшін реформалар жасау керек» деді. Украинаның шығысында армия күштері мен қарсыластар арасындағы қақтығыстар әлі жалғасуда. БҰҰ-ның статистикалық мәліметі бойынша Украинаның шығысындағы қақтығыстар қазірге дейін шамамен 10 мың адамның өліміне себеп болған. АҚШ пен Батыс елдері Ресей Украинаның шығысындағы қақтығыстарға араласып отыр деген уәж айтып, Ресейге қарсы санкция салды. Ресей де қарымта әрекетке барып, АҚШ пен Батысқа қарсы санкция салды.