Халықаралық Кешірім ұйымы Сауд Арабиясын Халықаралық Сотта соттау қажеттігін қуаттады
https://itolqyn.com/news/world-i24600
Халықаралық Кешірім ұйымы өзінің жылдық есебінде Сауд Арабиясының Йемендегі қылмыстарының қырларын ауқымды деп атап: «Саудиялықтар тарапынан Йеменнің бомбалануы адам құқығы мен халықаралық заңдарды бұзу болып табылады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 23, 2017 15:13 Asia/Almaty
  • Халықаралық Кешірім ұйымы Сауд Арабиясын Халықаралық Сотта соттау қажеттігін қуаттады

Халықаралық Кешірім ұйымы өзінің жылдық есебінде Сауд Арабиясының Йемендегі қылмыстарының қырларын ауқымды деп атап: «Саудиялықтар тарапынан Йеменнің бомбалануы адам құқығы мен халықаралық заңдарды бұзу болып табылады.

Саудиялық басшылар Халықаралық Қылмыстық сотта сотталуы тиіс. Батыс елдері өздерінің стратегиялық және басқа да мақсат-мүдделері үшін Сауд Арабиясының Йемендегі қылмыстарына қатысты үнсіздік танытып, Сауд Арабиясын дос санап отыр»,-деді. 

Халықаралық Кешірім ұйымы, сондай-ақ, Сауд Арабиясындағы адам құқығы мен демократияның нашар жағдайына тоқталып: «Саудиялық режим тарапынан осы ел азаматтары құқықтарының ауқымды түрде бұзылуын қабылдауға болмайды»,-деді.