Атом қуаты халықаралық агенттігінің жаңа мәлімдемесі Иранның "Ортақ қадам" бағдарламасына беріктігін растады
(last modified Sat, 25 Feb 2017 08:42:54 GMT )
Ақп 25, 2017 14:42 Asia/Almaty
  • Атом қуаты халықаралық агенттігінің жаңа мәлімдемесі Иранның

Вена қаласындағы БҰҰ-дағы Иранның елшісі әрі АҚХА-гі өкілі Реза Наджафи: "Атом қуаты халықаралық агенттігінің бас хатшысы Юкия Аманоның 2017 жылы жасаған алғашқы баяндамасы Иранның ядролық қызметінің барлығының "Ортақ қадам" бағдарламасы аясында орындалып жатқанын тағы растады",- деді.

ИРНА ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, жұма күні Атом қуаты халықаралық агенттігі: "Иран "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына берік болды. 2017 жылдың ақпан айының он сегізіне дейін Иранның 3,67 пайыздық байытылған уранының мөлшері 101,7 килограмға жетті. Бұл көрсеткіш Иранның "Ортақ қадам" бағдарламасы негізінде ие бола алатын байытылған уран мөлшерінің үштен бір бөлігі болып саналады.

"Ортақ қадам" бағдарламасына сәйкес, Иран 300 килограмм 3,67 пайыздық байытылған уранға ие бола алады",- деп мәлімдеді.

Вена қаласындағы БҰҰ-дағы Иранның елшісі әрі АҚХА-гі өкілі Реза Наджафи баяндаманың Атом қуаты халықаралық агенттігінің алдыңғы мәлімдемесіне біршама ұқсас болғандығына сілтеме жасап: "Баяндамада айтылған маңызды өзгерістердің бірі газды ИК-8 центрифугаға беру болып саналады. Бұл мәселе Иран тарапынан оның зерттеу жұмыстары мен ядролық қызметтерді дамытуды белгіленген ұзақ мерзімді бағдарламаға сәйкес жалғастыратынын қуаттайтынын білдіреді",- деді.