Сирия Хомстағы жарылыстарды жауапсыз қалдырмайды
(last modified Sun, 26 Feb 2017 09:12:01 GMT )
Ақп 26, 2017 15:12 Asia/Almaty
  • Сирия Хомстағы жарылыстарды жауапсыз қалдырмайды

Сирия үкіметі сенбі күні Сириядағы Әл-Каиданың бұрынғы тармағының Хомс қаласында жарылыс ұйымдастырғаны үшін есесін қайтаратындығына уәде берді.

Сирияның БҰҰ-ндағы тұрақты өкілі әрі Сирия үкіметі делегациясының басшысы Башар Джафари Женева келіссөздері кезінде: "Хомс қаласын лаңкестік шабуылдың нысанасына алу Женевадағы келіссөздер үдерісіне бағытталған ашық жолдау болып саналады. Біз бұл шабуылдардың жауапсыз қалуына жол бермейміз.

Бейбітшілік келіссөздерінің БҰҰ-ның қадағалауымен өткізіліп жатқанына байланысты Сирия үкіметі бұл шабуылды"лаңкестердің ашық жолдауы деп сипаттады",- деді.

Сирия ісі жөніндегі БҰҰ-ның арнайы өкілі Стаффан ди Мистура да: "Сириядағы кейбір ойыншылар сириялық тараптар арасындағы бейбіт келіссөздерді өз мүддесіне қарай бағыттауға талпыныс жасап жатыр",- деп ескерту жасады.

"Ан-Носрат" майданы тәкфіршіл тобына қарасты  алты жанкештінің Хомс қаласындағы екі қауіпсіздік орталығына  шабуыл жасауы салдарынан кемінде қауіпсіздік күштерінің арасынан 32 адам, соның ішінде  әскердің Барлау бөлімінің басшысы бригадир Хасан Дабул қаза тауып, 25 адам жарақат алды.