Батыс БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Сирияға қарсы астыртын әрекет ұйымдастыруда сәтсіздікке ұшырады
https://itolqyn.com/news/world-i24834-Батыс_БҰҰ_Қауіпсіздік_Кеңесінде_Сирияға_қарсы_астыртын_әрекет_ұйымдастыруда_сәтсіздікке_ұшырады
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Сирияға қарсы қарарының алғашқы нұсқасына Ресей мен Қытайдың вето жариялауы ақпарат құралдарынан кеңінен көрініс тапты.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Нау 02, 2017 19:29 Asia/Almaty
  • Батыс БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Сирияға қарсы астыртын әрекет ұйымдастыруда сәтсіздікке ұшырады

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Сирияға қарсы қарарының алғашқы нұсқасына Ресей мен Қытайдың вето жариялауы ақпарат құралдарынан кеңінен көрініс тапты.

Ресей сейсенбі күні Батыс алпауыттарының Сирия үкіметіне қарсы санкция салу жөнінде ұсынған қарарына вето салды. Қытай да Ресейдің осы әрекетін қолдап, осымен алтыншы рет Сирия үкіметіне жақтасып, вето дауысын пайдаланды. Ресей бұрын Сириядағы жауласушы тараптар арасындағы БҰҰ-ның қадағалауымен өтіп жатқан бейбітшілік келіссөздеріне нұқсан келтірілмеу үшін Франция мен Ұлыбритания ұсынған қарарға вето салатынын мәлімдеген болатын.

Батыс үкіметтері Сирия үкіметі химиялық қару қолданды деген уәжбен Дамаск үкіметіне қарсы санкция салуды мақсат етті. Жуырда химиялық қаруларға тыйым салу ұйымының төрағасы лаңкестердің Сирияда химиялық қаруларды пайдалануы туралы есептердің саны 20 жайттан астам екенін қуаттаған жағдайда батыстықтар осындай уәж айтып отыр. "IHS" деп аталатын ДАИШ лаңкестері туралы америкалық зерттеу орталығы да «2014 жылдан бері ДАИШ мүшелері Ирак пен Сирияда 71 реттен астам химиялық қару қолданды» деп мәлімдеді.

Лаңкестер жаппай қырып-жоятын қаруларды қолдануы мәселесінен қоғамдық пікірді ауытқыту үшін Батыс елдері мен араб одақтастарының қолдауымен өз қылмыстарын Дамаск үкіметіне таңуды мақсат етіп отыр. Сирия үкіметі (2013 ж. 27-ші қыркүйек) Қауіпсіздік Кеңесінің №2118 қарары шеңберінде химиялық заттарды химиялық қаруларға тыйым салу ұйымына табыс етіп, осы негізде сындарлы ынтымақтастық жасаған жағдайда адам құқығы негізінде Батыстың астыртын әрекетінің нысанасына айналып отыр. Сирия үкіметі 2014 жылдан осы уақытқа дейін барлық тергеу талаптарына қатысты тиісті ынтымақтастық жасап, жеңілдіктер ұсынды. Кейбір елдер Сирияда бейбітшіліктің орнағанын қаламайды. Олар халықаралық ұйымдарды Сирия үкіметіне саяси қысым жасау және оның беделіне нұқсан келтіру үшін құрал ретінде пайдалануды қалайды. ДАИШ лаңкестік тобының химиялық қаруларды жаппай қолданудағы мақсаты толық жеңілістің алдын алу және де Сирия мен Ирак азаматтарының арасында үрей мен қорқыныш тудыру арқылы оларды тізе бүгуге мәжбүрлеу болып табылады. Сирия өзгерістері күш тепе-теңдігінің Сирия жүйесінің пайдасына өзгеруімен және Сирия армиясы мен халықтық күштерінің лаңкестердің алдындағы табыстарымен осы елге қарсы астыртын әрекеттердің ауқымдырақ болғанын аңғартады.