Сириялық-сириялық келіссөздер наурыз айының орта шенінде Қазақстанда басталады
(last modified Mon, 06 Mar 2017 17:23:28 GMT )
Нау 06, 2017 23:23 Asia/Almaty
  • Сириялық-сириялық келіссөздер наурыз айының орта шенінде Қазақстанда басталады

Қазақстан Сыртқы істер министрі «сириялық- сириялық» келіссөздердің төртінші кезеңінің наурыз айының орта шенінде Қазақстанның елордасы Астанада басталатынын хабарлады.

Қазақстан Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов бүгін жасаған мәлімдемесінде: «Сирия мәселесін шешу үшін «сириялық- сириялық» келіссөздер наурыздың 14-15 күндері Астанада өтеді» деді. Бұның алдында Қазақстан республикасының Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сириялық келіссөздердің келесі кезеңін Астанада өткізуге әзірлік танытқан болатын. Бұл келіссөздер Иран, Ресей және Түркияның бастамасымен өтеді.