Грузияда ондаған наразы азамат құрықталды
Нау 12, 2017 22:31 Asia/Almaty
Грузияның Ішкі істер министрі Батуми қаласында үкіметке қарсы шеру өткізу барысында 40 адамның құрықталғанын хабарлады. Полиция күштерімен қақтығысқа ұласқан осы шеруде екі тараптан 33 адам жараланды.
Грузияның Ішкі істер министрі Георгий Маргвелашвили осы шеру мен қақтығысты ұйымдастырушыларға заңды қатынас көрсетілетінін, өйткені қоғамдық мүлік пен қала инфрақұрылымдарына қатты шығын келтірілгенінін мәлімдеді.
Батуми теңіз айлағы 120 мың халқымен Грузияның екінші ірі қаласы әрі осы елдегі бірінші туристік мекен болып табылады.
Тегтер