Трамп «Ортақ қадам» келісімін тағы да "қорқынышты келісім" деп атады
https://itolqyn.com/news/world-i25420
АҚШ Президенті ИИР-на қарсы дұшпандық саясатын жалғастырып, АҚШ өкілдері палатасының республиканшыларының алдында «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын қорқынышты келісім деп атады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Нау 22, 2017 16:45 Asia/Almaty
  • Трамп «Ортақ қадам» келісімін тағы да

АҚШ Президенті ИИР-на қарсы дұшпандық саясатын жалғастырып, АҚШ өкілдері палатасының республиканшыларының алдында «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын қорқынышты келісім деп атады.

Дональд Трамп әрқашан «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының басқа Ұлыбритания, Франция, Германия, Ресей, Қытай және Еуроодақ  сынды тараптардың ұстанымдарына қарсы аталмыш келісімді осы кезге дейін өзі көрген ең жаман келісім деп атады.

Трамптың бұл сөздері Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі, БҰҰ мен Қауіпсіздік кеңесі Иранның  «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін орындағанын мойындаған жағдайда айтылып отыр.

 Иран Телерадио бірлестігінің ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Дональд Трамп мигранттарға қарсы бұйрығын іске асыру туралы тағы да қуаттап, АҚШ сотының  бұл бұйрықты тоқтату шешімін масқара деп атады.