БҰҰ Сирия дағдарысына қатысты Астана келіссөздерін жалғастыруды сұрады
https://itolqyn.com/news/world-i25514-БҰҰ_Сирия_дағдарысына_қатысты_Астана_келіссөздерін_жалғастыруды_сұрады
БҰҰ-ның Сирия ісі жөніндегі өкілі Ресей мен Иран және Түркияның Сирия дағдарысын шешуге бағытталған талпыныстарын жалғастыруды сұрады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Нау 26, 2017 16:45 Asia/Almaty
  • БҰҰ Сирия дағдарысына қатысты Астана келіссөздерін жалғастыруды сұрады

БҰҰ-ның Сирия ісі жөніндегі өкілі Ресей мен Иран және Түркияның Сирия дағдарысын шешуге бағытталған талпыныстарын жалғастыруды сұрады.

Стаффан де Мистура Женева келіссөздерінің Сириядағы майдандық қақтығыстармен қатар келуіне байланысты өкініш білдіріп, осы келіссөздер барысында қолайсыз және түсініксіз жағдайдың орнағанын мойындады.

Женева-5 келіссөздері наурыздың жиырма үші күні басталды.

Стаффан де Мистураның Женева-5 келіссөздері жүріп жатқан кезде айтылған мәлімдемелері БҰҰ-ның бұл келіссөздерге қатысты үмітсіздігін білдіреді. Женева-5 келіссөздерінің өткізілуімен қатар Сириядағы лаңкестік әрекеттерінің күшеюі Женева келіссөздерінің Сирия дағдарысына қатысты нәтижелі саяси келіссөздер жүргізуге үшін қажетті кеңістік жасай алмағанын көрсетеді. Сирия үкіметі оппозициялық тобының Сирия дағдарысын шешуге бағытталған халықаралық талпыныстар жолында іріткі салу әрекеттері, атап айтқанда олардың жуырда өткен Астана-3 келіссөздеріне қатыспауы Сирия дағдарысын шешу мақсатындағы халықаралық талпыныстардың оппозициялық топ үшін ешқандай маңызы жоқ екендігін және олардың Сирияға қатысты халықаралық отырыстар өткізу арқылы өздеріне ұпай жинап, өз қылмыстарын жалғастыруын бүркемелеу үшін жасап отырғандығына еш күмән қалдырмады. Лаңкестердің қолдаушысы саналатын осындай батыс елдерінің астаналарында өткен келіссөздер кеңістігінде лаңкестер мен олардың қамқоршыларына өз мақсаттары мен мүдделеріне жету үшін қолайлы мүмкіндік жасап отыр. Дәл осындай әрекеттер мұндай келіссөздердің Сирия дағдарысын шешуде нақты нәтижелерге қол жеткізбеуіне және Сирия дағдарысына қатысты бейтарап әрі тиімсіз отырыстарға айналуына себеп болды.

Сол себепті, Женева-5 келіссөздері өткізіліп,  Батыс елдерінің үкіметтері осы тұрғыда көп үгіт жүргізген жағдайда БҰҰ-ның Сирия ісі жөніндегі өкілі Астана келіссөздері аясында Сирия дағдарысын шешуге бағытталған талпыныстарды жалғастыруды сұрады. Астана келіссөздері шеңберіндегі Иран мен Ресей және Түркияның қатысуымен жасалған талпыныстар мен БҰҰ-ның оларды қолдауы әлемдік қауымдастықтың осындай талпыныстарды қуаттайтындығының белгісі болып табылады.

Сирияда атысты тоқтату бітімін жариялау және Сирия үкіметі мен оппозициялық топ арасында берік бейбітшілік орнату мақсатында маңызды диалог жүргізуге қолайлы шарттар жасау үшін болашақта өткізілетін Астана келіссөздері Сирия дағдарысын шешудегі іргетас болып табылады.

Сирияны шындығын ұғыну деген бұл елдің территориялық тұтастығы мен егемендігін құрметтеу, Сирия халқының өз тағдырын, әсіресе Башар Асад саясатының болашағын анықтауды қалайтынынын құрметтеу, елде лаңкестікті толығымен жою және Сирия дағдарысын шешуде қисынға сай жоспар құру.

Сондықтан осы жоспар шеңберіндегі стратегиялар жөніндегі пікір алмасу Сирия дағдарысын шешу мүмкіншілігіне қол жеткізуге үміттендіреді. Дәл қазір бүкіл әлем Астана келіссөздеріндегі алты жылдық Сирия дағдарысының қалай шешілетіндігіне көз тігіп отыр. Осы ретте Стаффан де Мистураның өтініші бағалы саналады.