«Time» журналы: Иран – Таяу Шығыс аймағындағы ең қауіпсіз ел
(last modified Fri, 31 Mar 2017 10:44:18 GMT )
Нау 31, 2017 16:44 Asia/Almaty
  • «Time» журналы: Иран – Таяу Шығыс аймағындағы ең қауіпсіз ел

АҚШ тың «Time» журналы «Ислам революциясы жетекшісінің қырағы басқаруы ИИР-ын Таяу Шығыс аймағындағы ең қауіпсіз елге айналдырды», деп жазды.

АҚШ‑тың «Time» журналы өзінің соңғы санының бас мақаласында: «Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеидің қырағы басқаруы Иранды аймақтың ауыр дағдарысты жағдайында ең қауіпсіз елге айналдырды.

Иран Ислам революциясының жетекшісі халықаралық мәселелерді, әлемнің саяси болашағын, соның ішінде  «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасын, Йемендегі соғыс пен АҚШ‑тың соңғы сайлауының нәтижелерін дұрыс болжады. Ол өзінің теңдессіз басқаруымен АҚШ ОББ‑ның Иранға қарсы қастандықтары мен бүлдіргі әрекеттерін залалсыздандырды. Хазірет аятолла Хаменеи экономикалық тақырыптарды көтеру арқылы да халықаралық кәсіби экономистердің қошеметіне ие болды»,‑деп жазды.

АҚШ‑тың «Time» журналындағы мақаланың жалғасында хазірет аятолла Хаменеидің бүкіл бұқара халық сияқты қарапайым өмір сүретіні айтылған.

 

Тегтер