Украинаның шығысында атысты тоқтату бітімі бұзылды
Украина үкіметіне қарсылар осы елдің шығысында атысты тоқтату бітімінің бұзылғанын хабарлады.
Украинаның шығысындағы ел үкіметінің қарсыластары: «Украина армиясы өткен 24 сағаттың ішінде осы аймаққа 57 рет оқ атып, атысты тоқтату бітімін бұзды»,-деп хабарлады.
Украина үкіметі қарсыластарының айтуынша, осы ел армиясының шабуылдары артиллериялық қарулар, танк, миномет пен әуе-қорғаныс жүйесімен қатар, әртүрлі жеңіл қаруларды пайдаланып, жүзеге асырылған. Украинаның шығысында атысты тоқтату бітімін орнату мақсатында Минск келісіміне қол қойылғанына қарамастан, қарсыласушы тараптар әрдайым бір-бірін атысты тоқтату бітімін бұзды деп айыптайды.
БҰҰ-ның жариялауы бойынша, Украинаның шығысындағы қақтығыстарда 2014 жылдан бүгінге дейін шамамен 10 мың адам қаза тапқан.