Украинаның шығысында атысты тоқтату бітімі бұзылды
https://itolqyn.com/news/world-i25670-Украинаның_шығысында_атысты_тоқтату_бітімі_бұзылды
Украина үкіметіне қарсылар осы елдің шығысында атысты тоқтату бітімінің бұзылғанын хабарлады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Сәу 01, 2017 11:00 Asia/Almaty
  • Украинаның шығысында атысты тоқтату бітімі бұзылды

Украина үкіметіне қарсылар осы елдің шығысында атысты тоқтату бітімінің бұзылғанын хабарлады.

Украинаның шығысындағы ел үкіметінің қарсыластары: «Украина армиясы өткен 24 сағаттың ішінде осы аймаққа 57 рет оқ атып, атысты тоқтату бітімін бұзды»,-деп хабарлады. 

Украина үкіметі қарсыластарының айтуынша,  осы ел  армиясының шабуылдары артиллериялық қарулар, танк, миномет пен әуе-қорғаныс жүйесімен қатар, әртүрлі жеңіл қаруларды пайдаланып, жүзеге асырылған. Украинаның шығысында атысты тоқтату бітімін орнату мақсатында Минск келісіміне қол қойылғанына қарамастан, қарсыласушы тараптар әрдайым бір-бірін атысты тоқтату бітімін бұзды деп айыптайды.

БҰҰ-ның жариялауы бойынша, Украинаның шығысындағы қақтығыстарда 2014 жылдан бүгінге дейін шамамен 10 мың адам қаза тапқан.