Мәскеуде 30-ға жуық шеруші құрықталды
(last modified Mon, 03 Apr 2017 07:24:39 GMT )
Сәу 03, 2017 13:24 Asia/Almaty
  • Мәскеуде 30-ға жуық шеруші құрықталды

«Интерфакс» ақпарат агенттігінің Ресей полициясы баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, жексенбі күні Мәскеуде 29 адам қоғамдық тәртіп бұзды деген айыппен қамауға алынды.

Шерушілердің бірі – 16 жастағы Павел Дятлов. Ол өткен аптадағы оппозиционерлер шеруінде электр бағанына шығып бара жатқан суреті жарияланған соң, Ресейдегі жастар наразылығының символына айналды.

26 наурыздағы шеруде полицияның бұйрығына бағынбағаны үшін 15 күн изоляторға қамалған Ресей үкіметінің бірінші оппозиционері Алексей Навальный жаңа наразылықтарға қатыстылығын теріске шығарды.

Facebook-тегі хабарламалар жексенбі күнгі жиынды аса танылмаған ұлтшыл топқа қатысты деп санайды. Шерушілер Мәскеудің негізгі көшелерінің бірі Тверская көшесімен жүріп өтті.

Сібірдегі ең үлкен қала Новосибирскте де 400-ге жуық адам осыған ұқсас шеру өткізді. Бұл шеру қала әкімшілігінің рұқсатымен орын алды.