Астана мен Баку қарым-қатынастарды кеңейту қажеттігін қуаттады
Қазақстан мен Әзірбайжан Республикалары басшыларының кездесуінде екіжақты қарым-қатынастарды кеңейту қажеттігі қуатталды.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің Әзірбайжан Республикасына ресми сапары барысында Әзірбайжан Республикасының президенті Ильхам Әлиевпен өздері мүдделік танытатын мәселелер жайлы сұхбаттасты.
Кездесу кезінде саяси, экономикалық, сауда-саттық, мәдени және гуманитарлық салалардағы қарым-қатынастарын кеңейтудің жағдайы мен келешегі, сонымен қатар халықаралық және аймақтық мәселелер талқыланды.
Назарбаев өз сөзінде Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы достық қатынастарды екі ұлттың мәдени-тарихи ортақтастығының болуымен байланыстырды.
ҚР президенті аймақ мемлекеттеріндегі экономикалық дағдарысқа сілтеме жасап: "Мұндай жағдайлар аймақ елдерінің бір-бірімен жақындасып, ортақ инвестиция салу арқылы көбірек табыстарға жетуге мүмкіндік береді",- деп мәлімдеді.
Осы кездесуде Әзірбайжан Республикасының президенті Қазақстанды Әзірбайжан Республикасының дос әрі бауырлас мемлекеті деп атап, өз елінің Қазақстанмен қарым-қатынастарын кеңейтуге мүдделік танытты.