Трамп тағы да "Ортақ қадам" бағдарламасын ең жаман келісім деп атады
АҚШ президенті ИИР-на қарсы дұшпандық саясаттарының жалғасында Йордания королі ІІ Абдалламен Ақ Үйде өткен ортақ ақпарат отырысы кезінде "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасын ең жаман келісім деп баса айтып: "Мұндай келісім жасалмауы тиіс еді",- деп мәлімдеді.
ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Дональд Трамп әрдайым "Ортақ қадамның" келісімінің басқа тараптарының ұстанымдарына қарсы: ""Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы бүгінге дейін көрген ең жаман келісім болып табылады",- деп қуаттап келеді.
Трамп президенттік сайлау науқаны кезіндегі бәсекелестік барысында да "Ортақ қадам" бағдарламасын апат және әлемнің ең жаман келісімі деп атап, Ақ Үйге жол тапқан жағдайда, билікке кіріскен алғашқы күні-ақ "Ортақ қадам" келісімін жыртып тастайтындығына уәде берген болатын.
Әлемдік қауымдастықтың, соның ішінде Еуропа одағының пікірінше, ИИР әрдайым "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына қатысты өз міндеттемелерін атқарды, ал америкалықтар үнемі осы халықаралық келісімге байланысты іріткі әрекеттерді көздеген болатын.