АҚШ Сирияға зымырандық шабуыл жасады
АҚШ басшыларының Сирияның Хан-Шейхун аймағындағы химиялық шабуылды сылтауратып, бұл елге әскери араласу туралы кеңесулерінен кейін Батыстың ақпарат құралдары АҚШ-тың Сирияның Хомс облысына зымырандық шабуыл жасағаны туралы хабарлады.
Associated Press АҚШ-ның әскери дереккөздеріне сілтеме жасап, Сирияға қарсы 70 зымыранның атылғаны туралы хабарлады.
«alMayadeen» арнасы Жерорта теңізінде орналасқан АҚШ-ның әскери кемелерінен ондаған зымыранның Сирияға қарай атылғанын растап: «Бұл шабуылдардың нысанасы Сирияның Хомс әуе базасы болды»,- деп мәлімдеді.
Шабуылдың шығыны мен адам өлімі туралы мәлімет жария болған жоқ. Хомстың әкімі Талал әл-Барази жұма күні таңертен al-Alam арнасына берген сұхбатында АҚШ-тың Сирияның әскери базасына жасалған шабуылын бірінші және соңғы шабуыл емес деп атап: «Лаңкестердің демеушілерінің Сирия халқының жігерін жою әрекеттері сәтсіздікке ұшырады»,- деді.