АҚШ-тың Сирияға шабуылына байланысты Ресейдің реакциясын сараптау
АҚШ-тың Сирияға зымырандық шабуылы Вашингтонның Трамп билігі кезіндегі шетелдік үкіметке қарсы алғашқы тікелей әскери әрекеті саналады. Сол шабуылға қатысты Ресейдің реакциясы қандай болмақ?
Бұл шабуылға байланысты Ресейдің алғашқы реакциясы осы шабуылдың аспектілерін қарастыру мақсатында сол елдің Сыртқы істер министрлігінде төтенше отырыс өткізуі болды. Қазіргі жағдайда Ресейдің осы шабуылға байланысты реакциясы АҚШ-тың кейінгі әрекеттеріне әсерлі түрде ықпал етуі мүмкін.
Шындығында, АҚШ-тың Сириядағы әскери әрекетінің екі сценариін елестетуге болады: алғашқысы, Дамаск үкіметінің АҚШ-тың қызыл сызықтарынан, әсіресе химиялық шабуылынан асып кетуіне қатысты Вашингтонның қаталдығын көрсету мақсатын көздейді. Мұндай жағдайда Мәскеу осы шабуылға қатысты шектеулі және тек сөз жүзіндегі айыптау түрінде реакция білдіреді. Ал америкалықтар Ресейге бұл шабуыл жайында хабар бергендері туралы уәж айтып отыр. Шынтуайтында, америкалықтар ресейліктердің аталмыг шабуылға қатысты үнсіздік танытуын күтіп отыр. Алайды, ресейліктер БҰҰ-на мүше елдің біріне қарсы жасалған Қауіпсіздік кеңесінің рұқсатымен іске асқан шабуылдың заңсыз болғанын баса айтып, осы мәселені қарастыру үшін Қауіпсіздік кеңесінің төтенше отырысын өткізуді талап етті.
Ал, АҚШ тарапынан көбірек және кең түрде шабуылдар жасауының бастамасы ретіндегі жұма күнгі таңертеңгі уақытта жасалған зымырандық шабуылдың келесі бір сценариін қарастырып көрейік. Ресей әскерилері мен әскери құрал-жарақтарының айтарлықтай санының Сирияның түрлі аймақтарында орналасуы және оларға зарар келтірудің ықтималдығы және одан да маңыздысы, Сирияның заңды үкіметіне қолдау көрсету мен лаңкестік топтармен күресу мақсатындағы Ресей әскери күштерінің көптеп орналасуы түрінде көрініс тапқан Дамаск пен Мәскеу арасындағы стратегиялық қарым-қатынастарын ескеретін болсақ, Мәскеу басшылары АҚШ-тың әскери әрекеттеріне қатысты нақты іс жүзінде реакция білдірмек болады деп болжауға болады. Мұндай жағдайда Сирия дағдарысы аспектілерінің кеңейіп, оның халықаралық қақтығысқа айналуын күтуге болады.
Негізінде, Сирияда тұрақтылықты қайта орнату мақсатындағы Ресейдің Сириямен әскери ынтымақтастығы бұл елдің стратегиялық мүдделері шеңберінде жүзеге асқан. Қазіргі жағдайда, Ресейдің ең негізгі мақсаты Сирияны Таяу Шығыс, Жерорта теңізі аймақтарындағы геополитикалық орналасуы тұрғысынан жалғыз аймақ ретінде сақтап қалып, оны Таяу Шығыстағы саяси-әскери теңгерімдерге ықпал етуші платформа ретінде пайдалану болып табылады. Бұл мәселе, әсіресе Тартус әскери-теңіз базасының Ресей үшін өмірлік маңыздылыққа ие екендігіне байланысты түсіндіріледі. Тартус әскери-теңіз базасы Ресейдің елден тыс жалғыз әскери базасы екендігін ескеретін болсақ, Мәскеу Ресейдің әскери-теңіз күштерінің мұхиттағы амалдары үшін қайткен күнде де осы теңіз базасын сақтап қалуға тырысады. Сонымен қатар Ресей күштерінің Латакия облысындағы Хмеймим мекенінде әскери-әуе базасында тұрақты түрде орналасу арқылы өзінің Сирияда ұзақ мерзімге орналасуы үшін негіз жасады. Бұл мәселе Ресейдің Батысқа жалпы қарсылығы шеңберінде мағынаға ие болып отыр. Бүгінде бұл мәселе Еуропаның шығысымен қоса енді Сирия дағдарысына қатысты да көрініс тауып отыр.