Америка үкіметінің Сирияға жасаған зымырандық шабуылына халқы қарсылық білдіруде
Американың түрлі қалаларының тұрғындары осы ел үкіметінің соғысқұмарлық саясатына наразылық білдіріп, шеру өткізді.
"Press TV" арнасының хабарлауы бойынша, шерушілер жұма күні Вашингтон, Нью-Йорк, Лос-Анджелес және Филадельфия қалаларында ұрандар айтып, АҚШ үкіметінің Сирия еліне әскери шабуылына наразылық білдіріп, Сирияның халқына қолдау білдірді.
Осы мәлімет бойынша, Американың қауіпсіздік күштері көшелерге ауқымды құзырға ие болып, наразы азаматтарды басып-жаншып, екі адамды құрықтады.
Наразы азаматтардың айтуынша, Американың Сирияға жасаған зымырандық шабуылы шешім жолы емес, керісінше осы елдегі дағдарысты күшейтуші фактор болып табылады.
Аптаның соңғы күндерінде Американың 50 қаласында Вашингтонның соғысқұмарлық саясатына қарсы шерулер өтеді.