Қазақстан Сириядағы химиялық шабуыл жөнінде бейтарап зерттеу жүргізу қажеттігін қуаттады
Қазақстан үкіметі Сириядағы химиялық шабуылға алаңдаушылық білдіріп, осы негізде бейтарап әрі жан- жақты зерттеу жүргізуді, сонымен бірге Сирия бейбітшілік келіссөздерін жалғастыруды сұрады.
"Aki Press" торабының дүйсенбі күнгі мәліметі бойынша, Қазақстан үкіметі өз мәлімдемесінде жаппай қырып-жоятын кез-келген қару қолдануды ахлақ пен адамгершілікке жат әрекет ретінде айыптайтынын баса айтты.
Қазақстан СІМ осы елдің Сирия кикілжіңін бейбіт сұхбаттасулар арқылы шешуге берік екендігін мәлімдеп, Сирия үкіметі мен қарсылас топтар арасындағы тікелей сұхбаттардың Астана келіссөздері үдерісі шеңберінде ымыраны сақтауды қуаттаумен жалғасуына мүдделік танытты.
Сирияға қатысты келіссөздер бейбіт келісімге жету мақсатында Женевада жоспарланып, отырыстың бастамашылары ретінде Иран, Ресей және Түркия, Сирия үкіметі мен қарулы топтар делегациялары, БҰҰ бас хатшысының Сирия ісі бойынша өкілі Стаффан де Мистура және Қазақстандағы АҚШ елшісінің қатысуымен жалғасты.