Иран мен Ресей лаңкестерге қарсы батыл соққыларды жалғастыру қажеттігін қуаттады
https://itolqyn.com/news/world-i26010-Иран_мен_Ресей_лаңкестерге_қарсы_батыл_соққыларды_жалғастыру_қажеттігін_қуаттады
Иран мен Ресей Қорғаныс министрлері телефон арқылы сөйлесіп, Сириядағы соңғы өзгерістерді талқылаумен бірге лаңкестерге қарсы батыл соққы беру үшін ынтымақтастық пен талпыныстарды арттыруды қуаттады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Сәу 12, 2017 15:31 Asia/Almaty
  • Иран мен Ресей лаңкестерге қарсы батыл соққыларды жалғастыру қажеттігін қуаттады

Иран мен Ресей Қорғаныс министрлері телефон арқылы сөйлесіп, Сириядағы соңғы өзгерістерді талқылаумен бірге лаңкестерге қарсы батыл соққы беру үшін ынтымақтастық пен талпыныстарды арттыруды қуаттады.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, Иранның Қорғаныс министрі Хосейн Дехқан сейсенбі күні Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгумен телефон арқылы сөйлесіп, АҚШ-тың Сирияның Хомс облысындағы аш-Шаират әуе базасына жасаған шабуылына тоқталып: «АҚШ-тың бұл шабуылы Сириядағы лаңкестердің сәтсіздікке ұшыраған рухын нығайту мақсатында орын алды»,- деді.

Иранның Қорғаныс министрі АҚШ лаңкестердің аймақтағы сәтсіздіктерінін орның толтыру үшін Сирияның заңды үкіметіне қарсы күмәнді әрі қатерлі сценарийлерді іске асырып, аймақтағы өз әскерилерінің орналасуын ақтағысы келетінін қуаттап: «АҚШ-тың жаңа басшылары бұл шабуылымен лаңкестермен күреспек түгілі, лаңкестер мен олардың қолдаушыларының рухын нығайту саласында қадам басатындықтарын көрсетті»,- деді.

Ресей Қорғаныс министрі Серей Шойгу де ирандық әріптесінің сөздін растап: «Ресей  саяси және әскери салалардағы өз мүмкіндіктерін пайдаланып, лаңкестерге қатаң әрі батыл соққы беріп, лаңкестер мен олардың қолдаушыларына қысым көрсетуді көздеп отыр»,- деді.