Трамп Сирияға қарсы соғыспайтынын мәлімдеді
АҚШ Президенті Дональд Трамп Сирияның Хомс облысындағы әуе базасына қарсы зымырандық шабуылынан 4 күннен кейін Сирияға қарсы соғысу ықтималын теріске шығарды.
АҚШ Президенті сейсенбі күні «Fax News» телеарнасына берген сұхбатында Хан-Шейхунде химиялық қару пайдаланылғаннан кейін АҚШ-тың Сириямен соғысуы туралы күмәндерге берген жауабында: «АҚШ Сириямен тікелей соғыспайды»,- деді.
АҚШ Президенті «Fax News» телеарнасына берген сұхбатының жалғасында Хомстегі Сирия әскерінің әуе базасына жасалған шабуылды ақтап, Дамаск үкіметін Хан-Шейхунде химиялық қару пайдаланды деп айыптап: «Зымырандық шабуыл Хан-Шейхунде химиялық қару пайдалануға қарсы берілген жауап болды»,- деді.
БҰҰ Бас хатшысының баспасөз хатшысы Стефан Дюжаррик БҰҰ-ның химиялық қарудың пайдаланылуы туралы шындықты зерттейтін тобының Идлибте өз жұмысын бастағанын хабарлады.