АҚШ Президенті Башар Асад туралы уәж айтты
(last modified Thu, 13 Apr 2017 08:48:36 GMT )
Сәу 13, 2017 14:48 Asia/Almaty
  • АҚШ Президенті Башар Асад туралы уәж айтты

АҚШ Президенті: «АҚШ үкіметінің мақсаты Башар Асадты Сирияда биліктен тайдыру емес»,-деген уәж айтты.

АҚШ Президенті Дональд Трамп сәрсенбі күні «Wall Street Journal» газетіне берген сұхбатында АҚШ үкіметі саясатының Сириядағы қақтығыстарды бейбіт жолмен шешудің бір бөлігі ретінде осы елдің Президенті Башар Асадтың биліктен кетуін талап ету емес екенін айтып: «Асад басқарған тыныш Сирияны елестетуге болады»,-деді. Трамптың уәждері АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсонның сәрсенбі күні Башар Асадтың Сирия Президенті ретінде билік басында болмайтын күннің жететіндігіне үміт білдіріп, Вашингтонның Сирияның саяси болашағында Асадқа орын жоқ деп санайтынын жариялаған жағдайда айтылып отыр.