Иран, Ресей және Сирия лаңкестікпен күресіп, Сирияға қарсы қастандықты қабылдамау қажеттігін қуаттады
Иран, Ресей және Сирия Сыртқы істер министрлері Мәскеуде өткен үш жақты отырыстың соңында ақпарат конференциясы кезінде Сирия дағдарысының шешім жолының саяси екендігі мен лаңкестікпен күрес және сириялықтарға көмек көрсету қажеттігін қуаттады.
ИРНА ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф, РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавров және Сирия Сыртқы істер министрі Валид әл-Муаллимнің Сирия дағдарысының саяси шешімі стратегиясы шеңберіндегі үш жақты отырысы жұма күні Ресейдің Мәскеу қаласындағы Сыртқы істер министрлігі ғимаратында жабық есік жағдайында өтті.
Иран Сыртқы істер министрі осы отырыстан кейін өзінің ресейлік және сириялық әріптестерімен бірге өткен ортақ баспасөз конференциясында: "Ислам Республикасы бірнеше рет оның құрбаны болған химиялық қару бүгінде Сирияға қарсы пайдаланылды",- деді.
Иран Сыртқы істер министрі АҚШ пен Сирияға қарсы мемлекеттерге ескерту жасап: "Біржақты әрекеттердің салдарынан өткен онжылдықтарда аймаққа көптеген зиян келтірілгені анықталды",- деді.
Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров АҚШ-тың Сирияға шабуылын осы елге жасалған басқыншылық деп атап: "Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйыммен бірге зерттеу тобының да Хан-Шейхун оқиғасына қатысты зерттеу жүргізуін қалаймыз",- деп мәлімдеді.
Сирия Сыртқы істер министрі Валид әл-Муаллим де АҚШ-тың өткен жұма күні жасаған зымырандық шабуылын айыптап, Дамасктің осы мәселеге қатысты тәуелсіз және шұғыл зерттеу жүргізуге келісетінін баса айтты.