Лавров: Сирияда химиялық қару бар деген уәждер негізсіз
Ресей Сыртқы істер министрі қашып жүрген бір сириялық генералдың Сирияда өте көп көлемде химиялық қару бар деген уәждерін теріске шығарып, бұл уәждердің мақсатын осы елдегі лаңкестердің қылмыстарын жасыру деп атады.
Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров сенбі күні тілшілерге берген сұхбатында: «Үш жыл бойы химиялық қарулар туралы үнсіздік танытып, бұған қатысты мәліметті жасырып келген осы сириялық генерал қаруларды неліктен бүгін есіне алып отыр? Бұл уәждер Сирия үкіметінің 2014 жылы өзінің химиялық қарулар қоймасы туралы мәліметтерді Химиялық қаруларға тыйым салу ұйымына тапсырып, бұл ұйымның аталған мәліметтердің дұрыстығын тексеріп, растаған жағдайда айтылып отыр»,-деді.
«Russia Today» ақпарат агенттігінің Ресей Сыртқы істер министрінің сөзіне сілтеме жасап хабарлауынша, қашқын генералдың сөзінен оның Сириядан 2013 жылы кеткенін білуге болады.