Путин Асадқа үндеу жолдап, Ресейдің Сирияны қолдайтынын қуаттады
Ресей президенті Сирияның заңды үкіметіне қолдау көрсетуін жалғастыратынын қуаттады.
Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ресей президенті Владимир Путин сейсенбі күні Сирия президенті Башар Асадқа жолдаған үндеуінде: «Мәскеу Дамаскке қолдау көрсетуін жалғастырады. Сирия дағдарысын бейбіт жолмен шешу қантөгістерді тоқтату және лаңкестік топтармен соғыста сириялықтардың барлығы бірігуі мақсатында жалпыны қамтитын сұхбаттасу болып табылады» деп мәлімдеді.
Сирияның тәуелсіздік мейрамына байланысты Путиннің Башар Асадқа жолдаған хатында: «Ресей Сирияның егемендігі мен жер тұтастығын тұрақты және әсерлі түрде қолдауын жалғастырады. Ресей мен Сирияның байырғы достық байланыстары арттырылатын болады. Бұл байланыстар екі ұлттың мүддесін жүзеге асырады әрі аймақ пен әлемнің қауіпсіздігін сақтау жолындағы талпыныстармен бағыттас» деп қуаттады.
1946 жылдың 17 сәуір күні Сирия Францияның отаршылдығынан тәуелсіздік алды.