Әбубәкір әл-Бағдадидің құрықталуы туралы қарама-қайшы ақпарат жарияланды
Еуропаның қауіпсіздік және барлау басқармасы бас хатшысының ақпарат тарату бюросы ДАИШ лаңкестік тобының жетекшісі Әбубәкір әл- Бағдадидың Сирияның солтүстігінде құрықталғанын көрсететін нақты мәліметтер бар деп хабарлады.
Мұның алдында Ирактың Мосул қаласындағы осы лаңкестік топтың базасына әскери қысым ұлғайғаннан кейін ДАИШ жетекшісінің Сирияның солтүстігіне қашып кету ықтималы айтылған болатын.
Ресей СІМ кейбір ақпарат құралдарында ДАИШ лаңкестік тобының жетекшісі Әбубәкір әл- Бағдадидің құрықталуы туралы жарияланған ақпаратты теріске шығарды.
Ресейлік ақпарат құралдары, соның ішінде "Российская газета" мен "life News" телеарнасы сейсенбі күні: «Әбубәкір әл-Бағдади Ирак пен Сирияның шекарасынан өтуге талпыныс жасап жатқан кезде ұсталды» деп хабарлаған болатын.
Алайда Ирак пен Сириядағы ресми дереккөздері ДАИШ тобының жетекшісі Әбубәкір әл- Бағдадидің құрықталуы туралы хабарды әлі растаған жоқ.