Мәскеу Ресей мен Иранның Хан-Шейхундегі оқиғаға қатысты ұсынысының қабылданбағанын сынады
Мәскеу Ресей мен Иранның Сирияның Хан-Шейхун қаласындағы оқиғаға зерттеу жүргізу туралы ортақ ұсынысының химиялық қаруға тыйым салу ұйымының атқару кеңесінде қолдауға ие болмағанын сынап, бұл шешімді қабылдауға болмайтын әрекет деп атады.
ИРНА-ның мәліметі бойынша, Ресей Сыртқы істер министрлігінің қару-жарақты бақылауға алып, тыйым салатын басқармасының басшысы Михаил Ульянов бейсенбі күні химиялық қаруға тыйым салу ұйымының атқару кеңесінің Ресей мен Иранның Сирияның Хан-Шейхун қаласындағы оқиғаға зерттеу жүргізу туралы ортақ ұсынысына теріс дауыс беруін күтпеген жайт деп атап: «Батыстықтардың Иран мен Ресейдің ұсынысын бекітпеуі – Батыс мемлекеттерінің Сирия әскерінің Хан-Шейхунде химиялық қаруды пайдаланбағанын қабылдағандарының белгісі»,- деді.